Авторлар: Абдраманова Қ.С., Ділманов Б.Қ.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2019
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: мұғалімге көмек
Абдраманова Қ.С.
Оқудағы жетістіктер мен қажеттіліктерді диагностикалық бағалау: әдістемелік құрал/Қ.С. Абдраманова, Б.Қ. Ділманов. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2019. – 46 б.
Әдістемелік құралда диагностикалық бағалаудың теориясы мен түрлері қарастырылған және мұғалімдер үшін қолдануға тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылған.
Оқушының оқудағы жетістігін диагностикалау – мұғалімнің бағалауда қолданатын мықты құралы. Диагностикалау бағдарламаның немесе пәннің белгілі бір аспектісі бойынша оқушының мықты және әлсіз тұсын анықтап, ерекше қажеттіліктеріне сай дифференциацияны жоспарлауға ықпал етеді. Оқушының танымдық және эмоциялық тұрғыдан оқуға дайындық деңгейі мен алдыңғы білімін анықтау мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер оның жеке даму траекториясын жасау үшін қолданылады. Әдістемелік құрал мұғалімдерге және әдіскерлерге арналған.