Автор: Т.С. Ибрагимова, К.Б. Сагадиева
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2019
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Мұғалім тәжірибесінен
Ибрагимова Т.С.
Жаратылыстану пәнінен белсенді оқыту әдістері арқылы зерттеушілік дағды қалыптастыру, 4-сынып/ Т.С. Ибрагимова, К.Б. Сагадиева. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2019. – 80 б.
ISBN 978-601-328-825-3
Аталған әдістемелік нұсқаулық 4-сыныпқа арналған белсенді оқыту әдістерін қолдана құрастырылған тапсырмалар жинағы мен қысқа мерзімді жоспардан тұрады. Нұсқаулықтың негізгі мақсаты – жаңартылған оқу бағдарламасына көшуде оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен қатар, сабаққа деген ынтасын арттыратын белсенді оқыту әдістері арқылы білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру. Нұсқаулық бастауыш сынып мұғалімдерінің қажеттіліктерін ескере құрастырылған. Нұсқаулыққа енген тапсырмалар мен сабақ жоспарлары жаңартылған білім беру мазмұнына көшуде 4-сынып мұғалімдері үшін көмекші құрал ретінде қолдануға болады. Ұсынылған әдістер пилоттық мектеп мұғалімінің қолданысынан өткен, тиімділігі жоғары нәтижеде көрсеткен тапсырмалармен бірге қысқа мерзімді жоспарлар ұсынылып отыр.