Авторлар: Сапарова Г.С., Айдарханова И.И., Адильжанова Д.А.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2015
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Мұғалімге көмек
ӘОЖ 371 (072)
КБЖ 74.204
Сапарова Г.С.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу тәсілдері оқу үдерісін жетілдірудің қуатты құралы ретінде. Әдіст. құрал. / Г.С. Сапарова, И.И. Айдарханова, Д.А. Адильжанова. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015. – 44 б.
Бұл құралда педагогикалық зерттеулердің мәні, сипаттамасы, сыныптамасы; әдістемелік құрылысы, педагогикалық зерттеулердің теоретикалық және эмпирикалық тәсілдері, психологиялық және әлеуметтік тәсілдері қарастырылған. Теоретикалық материалдар көптеген мысалдармен қамтылған.
Деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер, Педагогикалық шеберлік орталығының деңгейлік курс жүргізетін тренерлеріне және барлық зерттеушілік қызметпен айналысатын және қызығушылық танытқан оқытушыларға арналған.