Автор: С.Д. Нуржаутов, Баратова К.Ж., Қанай Р.Б.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2020
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Мұғалімге көмек
Нуржаутов С.Д.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен тапсырмалар құру алгоритмі: тапсырмалар жинағы/Нуржаутов С.Д., Баратова К.Ж., Қанай Р.Б. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2020. – 66 б.
ISBN 978-601-328-942-7
Тапсырмалар жинағында жалпы орта білім беретін оқыту қазақ тілінде емес (Т2) мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру алғышарттары мен тапсырма үлгілері берілген. Тапсырмалар жаңартылған білім беру мазмұнына (негізгі орта білім беру деңгейі) сай үлгілік оқу бағдарламасы (5-сынып) негізінде құрылған.
Тапсырмалар жинағы жалпы орта мектептің мұғалімдері мен әкімшілігіне, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлеріне, ЖОО және колледждерді бітіруші түлектерге арналған.