Авторлар: А.Т. Балтабекова, Балтабекова Р.Т., Нурмагамбетова Н.А., Талипова Б.А.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2020
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Мұғалімге көмек
Балтабекова А.Т.
Жазылым дағдыларының түрлері және дамыту жолдары: әдістемелік құрал/Балтабекова А.Т., Балтабекова Р.Т., Нурмагамбетова Н.А., Талипова Б.А. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2020. – 70 б.
ISBN 978-601-348-070-1
Бұл әдістемелік құрал жалпы орта мектептердің «Қазақ тілі» (негізгі орта білім беру деңгейінің) оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған. Әдістемелік құралда мұғалімдерге жазылым дағдыларының түрлері, оларды дамыту жолдары және әртүрлі жанрдағы мәтіндерді дұрыс жазудың бірыңғай үлгілері ұсынылған.
Ұсынылып отырған әдістемелік құрал жалпы білім беретін мекемелердің қызметкерлеріне, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне, педагогикалық колледждердің және ЖОО түлектеріне арналған.