Автор: Срымова Б.Ж., Срымов Р.М., Уразбаева А.Д.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2020
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Мұғалімге көмек
Срымова Б.Ж.
Гимнастика сабағын ұйымдастыру әдістемесі/Срымова Б.Ж., Срымов Р.М., Уразбаева А.Д. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2020. – 64 б.
ISBN 978-601-328-947-2
Бұл оқу құралында гимнастика сабақтарын өткізу әдісі негіздері қарастырылған, жалпы білім беретін мектептердің 5–9-сынып оқушыларына гимнастикалық құрал жабдықтарында жаттығу техникасын орындау және үйрету бірізділігі сипатталған. Сонымен қатар жіберілетін қателіктер, сақтандыру мен өзін-өзі сақтандыру, сынақ жаттығулар кешені және «Гимнастика» тарауы бойынша қалыптастырушы бағалау парағы берілген.
Әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған және оқу процесін өткізу үшін қолданылуы мүмкін.