Автор: Купешова А.Ж., Сапарбаева З.А.
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2019
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Мұғалімге көмек
ӘОЖ 373
КБЖ 74.2
Купешова А.Ж.
Саралау – тиімді оқыту кепілі. Әдістемелік нұсқаулық/А.Ж. Купешова, З.А. Сапарбаева. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2019. – 56 б.
Бұл әдістемелік нұсқаулықта оқыту мен оқу үдерісінде саралау әдістерін тиімді қолдану жолдары кеңінен қарастырылған. Нұсқаулықта ұсынылған сараланған тәсілдер мұғалімнің оқыту тәжірибесі мен білім беру сапасын жақсартуға ықпал етеді. Нұсқаулықта саралап оқытудың оқушының оқу нәтижесін арттырудағы тиімділігі мен маңызы көрсетілген.
Бұл әдістемелік жинақта барлық оқушыларды, олардың қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үдерісіне толықтай тарту жолдары ұсынылған. Бұл әдістемелік нұсқаулықтағы тәсілдер мен практикалық жаттығулар білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлер мен колледж оқытушыларына арналады. жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлер мен колледж оқытушыларына арналады.