Автор: Ибрагимов Д.Қ..
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2020
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Мұғалімге көмек
ISBN 978-601-348-068-8
Ибрагимов Д.Қ.
Тарих сабағын жоспарлаудағы сабақтастық: әдістемелік ұсыным/Ибрагимов Д.Қ. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2020. – 48 б.
Әдістемелік ұсыным қазіргі кезеңдегі оқу мен оқыту идеясына сай сабақ барысын жоспарлау кезінде алдыңғы өткен және келешекте өтетін сабақтар арасындағы сабақтастық пен бірізділікті жоспарлау, оқушының басқа да пәндерден алған білім, білік, дағдыларын ескере отырып пәнаралық байланысты сабақтың барысында жоспарлау жолдары, оның негізгі қағидаттары жайлы ұсыныстар мен бағыт-бағдарды қамтиды. Пән бойынша, пәнаралық байланыстар бойынша тігінен, көлденеңінен жоспарлау мәселелерін қамтып, нақты қадамдар жүйесін ұсынады. Оқуды жоспарлауда қолданыстағы базалық нормативті құжаттар мен әдістемелік құжаттарды қолданудың тиімді жолдары мен маңыздылығын қамтиды.
Әдістемелік ұсыным гуманитарлық пән мұғалімдері мен жоғарғы оқу орны, колледж студенттеріне, педагогика саласы қызметкерлеріне, біліктілікті арттыру жүйесінің тыңдармандарына арналған. Сабақты жоспарлауда мұғалімдер үшін маңызды әдіснамалық мағлұматтар мен тәсілдер қамтылады.