Автор: Ж.Ж. Опанова
Түпнұсқа тілі: қазақ
Басылған жылы: 2018
Баспа: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Рубрика: Орта білім мазмұнын жаңарту
ӘОЖ 371.3
КБЖ 74.00
Опанова Ж.К.
Тілдік дағдыларды дамытуда мәтінмен жұмыстың тиімді тәсілдері: әдістемелік нұсқаулық./ Ж.К. Опанова. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2018. – 46 б.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықта бүгінгі күні білім беру үдерісінде маңызды болып отырған оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру тәсілдері ретінде оқылым және жазылым дағдыларын дамытуда мәтінмен жұмыстың тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылған. Қазақ тілі пәні мұғалімдеріне өз сабақтарында аталған дағдыларды дамыту үшін мәтінмен жұмыстың түрлі әдіс-тәсілдері ұсынылып, оқушылардың оқылым және жазылым дағдыларын дамыту үшін тиімді қолдану жолдары көрсетілген.
Әдістемелік нұсқаулық жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен гуманитарлық колледждердің студенттеріне арналады.