Заманауи сабақты зерттеу. Зерттеушінің когнитивтік міндеттері және ЖИ құралдары

1-ТРЕК. Пікірталас симпозиумы. «Қазақстан мұғалімдерінің сабақ тиімділігін түсінуі мен зерттеуіндегі үш өзекті мәселе»

Трек аясында мұғалімдер тәжірибесінде жиі кездесетін үш мәселе бойынша зерттеу модельдерін әзірлеу жұмысы жүргізіледі: «Белсенділікті оқумен алмастыру», «Үлгерімі жоғары оқушылардың жауабы арқылы тақырыпты түсінуге қол жеткізілді деген иллюзия», «Оқуға емес, оқытуға назар аудару». Симпозиумның ең белсенді қатысушылары спикер дипломдарымен және ПШО-ның алғыс хаттарымен марапатталады.

 

2-ТРЕК. «Когнитивтік басымдық» тәжірибелік платформасы. «Мұғалім тәжірибесі ЖИ мүмкіндіктеріне қарсы »

Тректегі жұмыс: қатысушылар сабақ үзінділерін талдап, педагогикалық мәселелерді анықтайды және Lesson Study логикасына сәйкес зерттеу сұрақтарын тұжырымдайды. Одан кейін олар бақыланған сабақ үзіндісіндегі мәселелерді шешуге жасанды интеллект ұсынған нұсқамен танысып, кәсіби пікірталас барысында педагог тәжірибесі мен ЖИ тәсілдерінің күшті және әлсіз жақтарын салыстырады. Кім неғұрлым дәл әрі терең зерттеуші бола алады: тәжірибелі педагог па, әлде ЖИ ме? Трек ЖИ-мен ең кәсіби өзара әрекеттесуді анықтауға арналған байқау форматында өтеді. Үздік дағдыларын көрсеткен қатысушылар «Зерттеу тәжірибелеріндегі сыни ЖИ-дизайн шебері» дипломдарымен марапатталады.

 

 

3-ТРЕК. «Sabaq Track AI» сабақты талдау платформасының таныстырылымы

Трек барысында Қазақстан мектептеріндегі сабақты бақылау және талдау үдерісін оңтайландыруға бағытталған Педагогикалық шеберлік орталығының стартап-өнімдері таныстырылады. Таныстырылым мен талқылау барысында платформаны апробациялаушы шығармашылық топтар құрылады.

Іс-шара мақсаты

Lesson Study және басқа да Зерттеу нысандарын қолданумен айналысатын мектептердің зерттеу жұмыстарын жандандыру, қазіргі жағдайда осы бағытта жұмыс істейтін педагогтар қауымдастығын шоғырландыру.

Педагогтерді оқыту нәтижелері

Қарқындылық зерттеу топтарын шоғырландыруға, Lesson Study тәжірибесін жандандыру бағытында педагогикалық қоғамдастықтың жұмысын жандандыруға жағдай жасайды

Топтар

Photo
Обыдёнкина Лариса Валентиновна
Орал

Онлайн

17.09-17.09

Қазақша, Орысша

10 000 ₸