Пәндік диалог: бөлісу және даму
Пәндік оқытудағы заманауи педагогикалық тәсілдер мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану тәжірибесін ұсыну. Мектеп бағдарламасы пәндерінде қолдануға болатын цифрлық білім беру ресурстарын, жасанды интеллект құралдарын және оқытудағы тиімді практикаларды таныстыру. Инновациялық әдістердің білім алушылардың оқу жетістіктеріне ықпалын талдау және тәжірибе алмасу.
Заманауи сабақ құрылымын тиімді жоспарлау және ұйымдастыру тәжірибесін көрсету. Белсенді оқыту стратегияларын, саралау тәсілдерін, қалыптастырушы бағалауды және цифрлық құралдарды пән ерекшелігіне сәйкес қолданудың тиімді жолдарын тәжірибе арқылы ұсыну.
Оқыту сапасын арттыруға бағытталған дәлелдерге негізделген педагогикалық тәжірибелерді таныстыру. Оқыту нәтижелерін талдау, деректерге сүйене отырып оқытуды жетілдіру, тиімді педагогикалық шешімдерді қабылдау және үздік тәжірибелерді тарату мәселелерін қарастыру.
Іс-шара мақсаты
Педагогтердің кәсіби өзара іс-әрекетін нығайту, пәндік оқытудағы тиімді тәжірибелерді тарату және тәжірибе алмасу арқылы білім беру сапасын арттыруға ықпал ету.
Педагогтерді оқыту нәтижелері
Топтар