Ойын – баланы дамыту құралы: функционалдық және танымдық дағдыларды қалыптастыру жолдары
Конференция барысында мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі заманауи ойын технологияларының рөлі мен маңызы қарастырылады. Балалардың функционалдық сауаттылығын, танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін және әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларын дамытудағы ойын әрекетінің педагогикалық мүмкіндіктері талданады.Іс-шара аясында мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ойын арқылы оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылады. Педагогтердің тәжірибесінде қолданылатын дидактикалық, сюжеттік-рөлдік, қимылды, логикалық және цифрлық ойын түрлерін білім беру үдерісіне кіріктіру жолдары қарастырылады.Сонымен қатар, балалардың табиғи қызығушылығын арттыру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, өмірлік жағдаяттарда білімді қолдануға бейімдеу мәселелері қозғалады. Конференция барысында педагогтердің озық тәжірибелерімен алмасу, шеберлік сабақтары, практикалық жұмыстар және инновациялық әдістерді таныстыру жоспарланады.Конференция нәтижесінде мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, білім беру үдерісінде ойын технологияларын тиімді қолдануға және баланың жан-жақты дамуына бағытталған практикалық ұсыныстар қалыптастырылады.
Іс-шара мақсаты
Мектепке дейінгі білім беру үдерісінде ойын технологияларын тиімді қолдану арқылы балалардың функционалдық сауаттылығын, танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін және әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларын дамыту жолдарын айқындау.
Педагогтерді оқыту нәтижелері