STEАM жобасын бастауыш сыныптарына кіріктіру жолдары

Семинар бағдарламасы бастауыш сынып мұғалімдерінің «Бастауыш мектептегі STEAM оқыту: тиімді практика» Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Бағдарламасының оқу-әдістемелік кешенінің басымдықтары негізінде әзірленді.

Бұл Бағдарлама бастауыш мектепте STEAM оқытуды жүргізу алгоритмімен, мұғалімнің өз жұмысында пайдаланатын негізгі әдістері және құралдарымен таныстырады, мұғалімдердің тәжірибесіне көлденең жоспарлау енгізіліп, сол арқылы бірнеше пәндерді кіріктіру дағдылары қалыптастырылады.

Бағдарламаның өзектілігі Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында берілген міндеттер көзделеді: оқушылардың оқу жүктемесін төмендету, функционалдық сауаттылығын дамыту, оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып дағдылары мен қабілеттерін дамытуға бағдарлану, STEAM тәсілдемелер негізінде жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық пәндер бойынша оқытудың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің МЖМБС және бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларында бастауыш білім берудің мақсаты кең ауқымды дағдылар негіздерін игерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін қалыптастыру екендігі көрсетілген. Осының нәтижесінде халықаралық тәжірибедегі заманауи білім берудің тиімді құралдары мен принциптерінің бірі бастауыш мектеп деңгейінде STEAM білім беру тәсілдемелері мен технологиялары негізінде кіріктірілген жобалық зерттеушілік оқыту болып табылады.

Семинардың басым бағыттары болып саналатын тұстар:

бастауыш мектепте замануи технологияларды меңгерген мұғалімдер, математиканы, жаратылыстануды гуманитарлық пәндермен кіріктіріп, жеке практикасында проблемалық және зерттеуге негізделген, жобалық оқыту тәсілдемелерін енгізумен қатар көлденең жоспарлау дағдыларын жетілдіреді.

Семинар мұғалімдердің жобалық оқыту дағдысын қалыптастыруға, пәндерді кіріктіру арқылы STEAM білім беруді жүзеге асыруға бағытталған.

Іс-шара мақсаты

Қатысушыларға STEAM компоненттері туралы түсінік беру, STEM және STEAM айырмашылығын айқындату, STEAM-нің негізгі тәсілдерімен таныстыру, жаңаша тәсілдер арқылы STEAM форматы аясында кіріктірілген сабақтарды жоспарлату

Педагогтерді оқыту нәтижелері

STEM және STEAM айырмашылығын табады;
STEAM-нің негізгі тәсілдерін практикада қолданып, сабақтарына енгізе алады;
бірігіп STEAM форматында кіріктірілген сабақтарды жоспарлайды

Топтар