Менеджмент негізінде мектепті басқару идеялары

Бұл семинар мектеп басшылары мен педагогтердің  менеджмент саласындағы білімдерін арттыруға арналған. Семинарда мектепті тиімді басқару, ұйымның ішкі ресурстарын оңтайлы пайдалану, жұмыс процестерін жүйелендіру және нәтижелерге қол жеткізу үшін қолданылатын басқару теориялары мен әдістері қарастырылады. Қатысушыларға ұйымды стратегиялық басқарудың практикалық дағдыларын меңгерту, сондай-ақ мектептің даму бағдарламасын жетілдіру жолдары ұсынылады.

Іс-шара мақсаты

Мектеп әкімшілігі мүшелерінің тиімді басқару стратегияларын меңгеру, білім беру ұйымын стратегиялық басқару мен жоспарлау дағдысын қалыптастыру.

Педагогтерді оқыту нәтижелері

Семинар соңында қатысушылар:
Басқару функцияларын (жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, бақылау) тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастырады;
Мектепті басқарудағы ішкі ресурстарды оңтайлы қолдану жолдарын табады;
Өз мектебінің жұмысын жақсарту үшін стратегиялық басқару мен жоспарлауды пайдалана алады;
Командалық жұмыс дағдыларын дамыту, ұжыммен тиімді қарым-қатынас жасау қабілеттерін жетілдіреді.

Топтар

Photo
Сыздыкбаева Роза Гайдаровна
Шымкент
сш. №7

Офлайн

21.05-21.05

Қазақша

13 000 ₸