Мектепке дейінгі ұйымда ұйымдастырылған іс-әрекетті жоспарлау: кіріктірілген тәсілдің тиімді тәжірибесі
Семинар барысында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне ұйымдастырылған іс-әрекетті жоспарлауда кіріктірілген тәсілді қолданудың теориялық және практикалық негіздері ұсынылады. Қатысушылар мектепке дейінгі білім берудегі кіріктірілген оқытудың маңызымен танысып, білім беру салаларын өзара байланыстырудың тиімді жолдарын қарастырады.
Семинардың мазмұны педагогтердің ұйымдастырылған іс-әрекетті жоспарлау дағдыларын жетілдіруге бағытталады. Теориялық бөлімде кіріктірілген тәсілдің мәні, оның баланың жан-жақты дамуына әсері және жоспарлау құрылымы түсіндіріледі.
Практикалық бөлімде педагогтер топтық жұмыс арқылы белгілі бір тақырып немесе ертегі негізінде ұйымдастырылған іс-әрекеттің кіріктірілген жоспарын әзірлейді. Қатысушылар тәжірибе алмасып, өз жұмыстарын талқылайды, тиімді әдістер мен тәсілдерді анықтайды.
Семинар соңында рефлексия жүргізіліп, педагогтердің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалады.
Іс-шара мақсаты
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ұйымдастырылған іс-әрекетті жоспарлау барысында кіріктірілген тәсілді тиімді қолдану бойынша кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, білім салаларын байланыстыра отырып баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін педагогикалық тәжірибені жетілдіру.
Педагогтерді оқыту нәтижелері
Топтар
Офлайн
Қазақша
13 000 ₸