Оқытуда жасанды интеллектіні қолдану: мұғалімдерге арналған заманауи құралдар
Бірінші сессия (1 сағат)
Бірінші сессияда Қазақстан Республикасындағы жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізуді қолдайтын мемлекеттік тұжырымдамалар мен стратегиялық құжаттар қарастырылады. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасында ЖИ дамуының тұжырымдамасы 2024–2029», «Жасанды интеллект туралы» (2025) заң жобасы, сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылыми-әдістемелік орталығының (2024) әдістемелік ұсынымдары талданады. Сонымен қатар, жасанды интеллект құралдарының сабақтарды интерактивті, көрнекі және тиімді ету мүмкіндіктері жан-жақты зерттеледі, олардың педагогикалық қолдану бағыттары қарастырылады.
Екінші сессия (1 сағат)
Екінші сессияда жасанды интеллекттің сабақта қолданудың тиімді әдістері ұсынылады. Қатысушылар Napkin, Kimi Slides және Lumio платформаларын пайдалана отырып оқу материалдарын интерактивті тапсырмаларға айналдыру тәжірибесін меңгереді. Сондай-ақ, Google Earth, TimeMaps және виртуалды симуляциялар арқылы пәндік контентті визуализациялау жолдары көрсетіледі. Әр пән бойынша қатысушылар AI құралдарын қолдана отырып практикалық тапсырма немесе шағын сабақ элементін әзірлейді және оны оқу үдерісінде қолдану стратегияларын талқылайды.
Іс-шара мақсаты
Мұғалімдердің Жасанды интеллект құралдарының сабақтағы рөлін айқындауына, олардың мүмкіндіктерін меңгеруіне қолдау көрсету, әр пән бойынша практикалық интерактивті тапсырманы әзірлеу және оны оқыту үдерісінде тиімді қолдану дағдыларын дамыту.
Педагогтерді оқыту нәтижелері
Топтар