Мектепке дейінгі білім беруде жасанды интеллект: практикалық қолдану мүмкіндіктері

1- сессия

Бағдарламаның негізгі идеясы — педагог-тәрбиешіні тек теориялық біліммен ғана емес, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда қолданылатын нақты цифрлық өнімдерді (интерактивті слайдтар, визуалды схемалар, геймификацияланған тапсырмалар) жасауға қауқарлы «цифрлық шебер» ретінде қалыптастыру. ЖИ-ді тәрбиешінің шығармашылық серіктесі ретінде пайдалана отырып, баланың танымдық белсенділігін арттыру және оқу үдерісін автоматтандыру болып табылады.

Бірінші сессияда  Қазақстан Республикасындағы жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізуді қолдайтын мемлекеттік тұжырымдамалар мен стратегиялық құжаттар қарастырылады. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасында ЖИ дамуының тұжырымдамасы 2024–2029», «Жасанды интеллект туралы» (2025) заң жобасы, сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылыми-әдістемелік орталығының (2024) әдістемелік ұсынымдары талданады. Сонымен қатар, жасанды интеллект құралдарының сабақтарды интерактивті, көрнекі және тиімді ету мүмкіндіктері жан-жақты зерттеледі, олардың педагогикалық қолдану бағыттары қарастырылады. Жасанды интеллектіні қолданудың этикалық аспектілерін талдауда Кейс-стади әдісі бойынша жұмыс: Мектепке дейінгі ұйымдарда ЖИ-ді қолданудың сәтті және қате мысалдарын талдау. Кері байланыс және рефлексия: «Плюс-минус-қызықты» әдісі арқылы алынған білімді бекіту.

2-сессия

     Екінші сессияда жасанды интеллекттің ұйымдастырылған іс-әрекетте қолданудың тиімді жолдары ұсынылады. Қатысушылар Kimi Slides және Lumio платформаларын пайдалана отырып оқу материалдарын, интерактивті слайдтар мен инфографикаларды ЖИ көмегімен автоматты түрде әзірлеу жұмыстарын орындайды, ойын элементтерін құрастыру тәжірибесін меңгереді.

3-4 сессияларда

Napkin AI құралын қолданып күрделі табиғат құбылыстарын (судың айналымы, фотосинтез) түсіндіретін көрнекі схемалар мен инфографикалар жасайды. Мәтіндік ақпаратты балаларға түсінікті визуалды схемаларға, белгішелерге және инфографикаға айналдыру тәжірибесін орындап көреді.

Аудио-контент жасау: Suno арқылы ертегілерге музыкалық сүйемелдеу немесе балаларға арналған тақпақтарға ән шығару. MangiSoz көмегімен мәтінді кәсіби дикторлық дауыспен дыбыстап, аудио-ертегілер әзірлеу. Видео-визуализация: Veo3 құралы арқылы қысқаша оқу видеоларын немесе ертегі сюжеттерін бейнежазбаға айналдыру. Сипаттама (промпт) бойынша оқу видеоларын құрастыру және мультфильм үзінділерін жасау жұмыстарын орындайды

Іс-шара мақсаты

Қатысушыларға мектепке дейінгі білім беруде ЖИ құралдарын (нейрожелілерді) қолданудың практикалық дағдыларын меңгерту және оқу материалдарын дайындауды жеңілдету, әр пән бойынша практикалық интерактивті тапсырманы әзірлеу және оны оқыту үдерісінде тиімді қолдану дағдыларын дамыту.

Педагогтерді оқыту нәтижелері

Семинар нәтижесінде қатысушылар:
1. Жасанды интеллект құралдарын (Napkin, Kimi Slides, виртуалды симуляциялар) арқылы ұйымдастырылған іс-әрекетте қолданылатын онлайн контент әзірлейді.
2. Білім алушылардың танымдық белсенділігін, зейінін және оқу мотивациясын арттыруды интерактивті тапсырмалар құрстырады.
3. Ұйымдастырылған іс-әрекетті геймификациялау дағдыларын дамытады.

Топтар

Photo
Туякбаева Гаухар Арыстанбековна
Қызылорда

Онлайн

27.03-27.03

Қазақша

7 000 ₸
Photo
Туякбаева Гаухар Арыстанбековна
Қызылорда

Онлайн

30.03-30.03

Қазақша

7 000 ₸