№130/382 бұйрық негізінде ҚМЖ құрастыру
Қазіргі білім беру жүйесінде сабақтың тиімділігі оның сапалы жоспарлануына байланысты. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі оқу мақсаттарына жету үшін сабақ құрылымын жүйелі ұйымдастыруымен анықталады. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығы қысқа мерзімді сабақ жоспарының бірізді құрылымын бекітеді және сабақ процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Құрылымдалған жоспар мұғалім мен оқушы әрекеттерін үйлестіріп, оқу процесінің логикалық жүйесін қалыптастырады. Сабақты жоспарлау оқу мақсаттарын анықтау, сабақ кезеңдерін белгілеу және бағалау тәсілдерін таңдауды қамтиды. Осы семинардың мақсаты – педагогтарды сабақ жоспарын ғылыми негізде құру және оны тәжірибеде тиімді қолдану жолдарымен таныстыру.
Іс-шара мақсаты
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 130 бұйрығына сәйкес сабақты жоспарлау талаптарымен танысу, тәжірибе жүзінде сабақты жоспарлау.
Педагогтерді оқыту нәтижелері
Топтар