STEM-білім: мектепке дейінгі ұйымнан бастап білім беру ұйымдарына дейінгі сабақтастық пен инновация

1-трек. «Аймақаралық STEM серіктестігі: тәжірибе, зерттеу, нәтиже». 

Бірінші тректе табысты спикерлер өз тәжірибелерімен бөліседі.

2-трек. «Аймақтар арасындағы stem ынтымақтастығы: мүмкіндіктер мен перспективалар».

Бұл тректе қатысушылар өз білім беру ұйымдарындағы іске асырылып жатқан үздік  тәжірибе,  (модель) таныстырылымын командалық форматта ұсына алады.  (слайдтар саны -5, қорғауға берілетін уақыт 7 минут, сұраныс берген команда мүшелерінің барлығының  сөйлеуі міндетті емес).

Тәжірибемен бөлісу үшін төменде ұсынылған үлгіге (1-қосымша) сай өтініш беріп,  тіркеуден өту қажет. Қатысушы команда құрамына шектеу қойылмайды.  

3-трек. «STEAM форматындағы шығармашылық даму».

Бұл тректе білім беру үдерісінде STEAM (Science, Technology, Engineering, Art, Mathematics) тәсілі арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері қарастырылады. НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының «Негізгі мектепте STEAM оқыту: тиімді практика» курс тыңдаушысының тәжірибесі таныстырылады. Сондай-ақ білім беру үдерісінде STEAM сабақтарын ұйымдастырудың тиімді әдістері және оны сапалы, тиімді қолдануға арналған практикалық лайфхактар ұсынылады. Білім беру үдерісінде ғылым, технология, инженерия, өнер және математиканы кіріктіру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың маңызы көрсетіледі.

Іс-шара мақсаты

Мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында STEM-білім беруді дамыту, тәжірибе алмасу, инновациялық әдістерді тарату және өңіраралық кәсіби қауымдастық қалыптастыру

Педагогтерді оқыту нәтижелері

Мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында STEM/STEAM тәсілін енгізудің тиімді тәжірибесімен алмасу.
Педагогтердің STEM/STEAM-білім беру саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту және педагогтердің кәсіби қауымдастығын қалыптастыру.
STEM/STEAM оқытуды ұйымдастырудың инновациялық әдістері мен тәжірибелерін тарату.
Білім беру процесіне STEAM тәсілін интеграциялау арқылы оқушылардың ғылымға, технологияға, инженерияға, өнерге және математикаға деген қызығушылығын арттыру.

Топтар

Photo
Асубаев Берик Куттыбаевич
Алматы

Онлайн

31.03-31.03

Қазақша

10 000 ₸