Идеядан тәжірибеге: мектепте Lesson Study тәсілін енгізу
Бағдарлама педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, білім беру үдерісінің сапасын жетілдіруге және мектеп қызметіне зерттеу мәдениетін жүйелі түрде енгізуге жағдай жасауға бағытталған.
Lesson Study сабақтарды бірлесіп жоспарлау, бақылау және талдау негізінде жүзеге асатын саналы кәсіби өсудің құралы ретінде қарастырылады. Бағдарламаны іске асыру педагогтің өз тәжірибесінің зерттеушісіне айналатын моделін қалыптастыруға, ал оқыту үдерісін білім алушылардың метапәндік негізде әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыратын орта ретінде дамытуға мүмкіндік береді.
Жобаның мазмұндық негізі зерттеу бағытын дамытуға сүйенеді:
«Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын қалыптастыру және нығайту.
Іс-шара мақсаты
Зерттеу сабақтарын жоспарлау, өткізу, бақылау және талдау арқылы Lesson Study-ді оқыту сапасын арттырудың, білім алушылардың әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын дамытудың, сондай-ақ «Адал азамат» құндылықтарын нығайтудың тетігі ретінде қолданатын бірлескен кәсіби зерттеу кеңістігін құру.
Педагогтерді оқыту нәтижелері
Топтар