Буллингсіз білім кеңістігі
2-сабақ барысында психологиялық қауіпсіздік пен эмоционалдық қолдаудың маңызы ашылады. Оқушылар арасында сенімге негізделген қарым-қатынас орнату, қолдаушы атмосфера қалыптастыру тәсілдері ұсынылады. Психологиялық ахуалдың оқу мотивациясына және мінез-құлыққа әсері қарастырылады. Оқытуда қолданылатын әдістер: психологиялық тренинг «Қауіпсіз сынып» және кейстік тапсырмалар (эмоциялық жағдаяттарды талдау)
3-сабақта сыныпты басқарудың заманауи, жазасыз және сындарлы тәсілдері қамтылады. Қақтығыстардың алдын алу стратегиялары, мінез-құлықты позитивті қолдау арқылы реттеу жолдары көрсетіледі. Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара сыйластыққа негізделген басқару үлгісі талданады.
Оқытуда қолданылатын әдістер: тренинг «Қақтығысты басқару» және іскерлік ойын «Сыныпты басқару стратегиясы»
4-сабақ буллингтің алдын алудың тиімді әдістері, мұғалімнің буллинг жағдайындағы әрекет алгоритмі және қолдаушы білім кеңістігін қалыптастыру тәжірибелері ұсынылады. Мектептегі буллингсіз мәдениетті дамыту жолдары қарастырылады және топтық жұмыс арқылы буллингтің алдын алу ережелерін әзірлейді.
Іс-шара мақсаты
Педагогтердің буллингтің алдын алу бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру, мектепте қауіпсіз, инклюзивті және қолдаушы білім кеңістігін құрудың тиімді стратегияларын меңгерту.
Педагогтерді оқыту нәтижелері
Топтар