Кәсіптік бағдар беруді басқару және жүзеге асырудың практикалық негіздері

1-сабақ. Кәсіптік бағдардың мәні және мазмұны. Әрбір он жыл сайын әлемде тың жаңа мамандықтар пайда болады. Еңбек нарығы 65%-ға өзгеруі ықтимал, қазір бастауыш мектепке оқитын балалар болашақта бізге әлі белгісіз, мүлдем жаңа мамандықтар мен кәсіп түрлерін меңгеретін болуы мүмкін. ХХІ ғасырда жаңа мамандықтардың пайда болуы жаңа технологиялардың қарқынды дамуымен және жаһандық компьютерлендірумен тікелей байланысты. Осыған орай қазақстандық оқушыларға кәсіптік бағдар беру аса өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында берілген кәсіптік бағдарға қатысты бөлімдерін талдау.

          Кәсіптік бағдар мәселесі кәсіптік ағарту, кәсіби диагностика, кәсіби консультация, кәсіби іріктеу, кәсіби жарамдылық, кәсіптік бейімделу, кәсіптік өзін-өзі айқындау секілді ұғымдармен тығыз байланыста қарастырылатындығын зерделеу.

Өзінің кәсіптік бағдарын айқындау – жеке тұлғаның кәсіптік қызметке деген көзқарасын қалыптастыру процесі мен тұлғалық және әлеуметтік-кәсіптік қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы жүзеге асыру тәсілі; қоғамда қалыптасқан кәсіптік іс-әрекет критерийлеріне қатысты өзін анықтау екендігін талдау.

Кәсіптік бағдар жұмысының негізгі қағидаттары, мақсаты мен міндеттерін зерделеу. Мектептегі кәсіптік бағдар жұмысының мақсаттары мен кәсіптік бағдар жұмысының негізгі міндеттерін талдау.

Кәсіптік бағдар беруді ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу. ХХІ ғасыр мамандықтарына шолу жасау. Төртінші өнеркәсіптік революция қандай өзгерістермен ерекшелетіндігіне түсініктеме жасау.

2-сабақ. ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту жолдарын қарастыру. XXI ғасырдың әр түрлі білім беру жүйелеріндегі (АҚШ, Жапония, Гонконг, ҚХР; Финляндия, Сингапур) дағдыларына талдау жасау. «Миға шабуыл» әдісі арқылы «Оқушыларға ХХІ ғасыр дағдылары не үшін қажет?», «ХХІ ғасыр дағдыларының артықшылығы неде?», «Неліктен оқушыларды өзгермелі өмірге даярлау қажет?» сұрағына жауап бере отырып, бұл дағдылардың не үшін қажет екендігіне салыстырмалы талдау жасау. ХХІ ғасыр дағдыларының құрылымын басты пәндер және ол пән мазмұны арқылы қандай дағдылар қалыптасатынын зерделеу. Т – тәрізді адам моделіне «білім ауқымы» және «құзыреттіліктің тереңдігі» тұрғысынан талдау жасау.

Топтық жұмыс арқылы мектеп оқушыларының оқып-үйрену және жаңашылдық дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шара жоспарын жасау. Орындалған жұмысқа кері байланыс беру және рефлексия жасау.

3-сабақ. Қабілеттілікті зерттеу мен кәсіптік бағыттылықты анықтау әдіс-тәсілдерін талдау. Жасөспірімдердің жалпы қабілеттерін психологиялық диагностикалаудың негізгі принциптерін зерделеу. Мотивациялық ерекшелікті диагностикалау (кәсіптік қызығушылықтары, бейімділіктері мен құндылық бағдарларын талдау. Г.Гарднердің көптік зият теориясына талдау жасау. Г.Гарднердің көптік зият теориясына сәйкес білім алушылардың қабілеттілігін анықтау үшін модификацияланған тестін қолдану бойынша нұсқаулықпен таныстыру, тестті өту. Тест тнәтижелеріне талдау жасау.

Дж. Холландтың тест материалдары тұлғаның мінез ерекшеліктері, сүйікті ісі мен қолынан келетін білігін зерттеу негізінде жеке бейімділіктерін қалай анықтауға көмектесетінін талдау.

Кабардова Л.Н. әзірлеген «Кәсіптік дайындықты анықтау» сауалнамасын өту. Қолдану жолдарын қарастыру.

Резапкина Г. модификациялаған А.Голомштоктың қызығушылық картасы әдістемесін талдау. «Қызығушылық картасы» әдістемесін кәсіптік бағдарды анықтау мақсатында да және жұмысқа қабылдағанда да жүргізуге болады. Әдістемені жасөсіпірімдерге де ересектерге де жүргізуге болады. Сондай-ақ, бұл әдістеме мамандығын ауыстырғысы келетіндерге де жүргізуге болады.

4-сабақ. Мамандық таңдау – адамның жасөспірім шағында, тіпті кейбір жағдайларда бабалалық шағында қабылдауы қажет ең маңызды шешімінің бірі. Мектеп оқушыларының кәсіби бағытын қалыптастыру құралдары сызбасын зерделеу. Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысының ақпараттық бағыттарын негіздеу. Топтық жұмыс арқылы өз мектептеріндегі оқушыларға арнап ақпараттық, консультациялық, дамытушылық бағыттар бойынша іс-шаралар жоспарын құрастыру. Мәліметтер жинау. Роберт Дилтстың «Тұлғаның қалыптасуының логикалық деңгейлері» теориясы негізінде білім алушылардың өмірлік құндылықтары мен шешім қабылдауларына қолдау көрсетуді қалай жүргізуге болатындығын қарастыру. Мамандық таңдау мен білім алушының жеке бағытын талдау. «Бостандық жазушылары» филіміне «Бейнеталдау» әдісі арқылы талдау жасап, мұғалім Эрин Грувелдің оқушылардың қызығушылықтарын анықтау жолына талдау жасау.  Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарын психологиялық сүйемелдеу жолдарын қарастыру.

Іс-шара мақсаты

Тыңдаушылардың кәсіптік бағдар беру үдерісін нәтижелі ұйымдастырудың мазмұны, түрлері мен әдістерін тиімді қолдану бойынша кәсіби құзыреттіліктері мен дағдыларын жетілдіру.

Педагогтерді оқыту нәтижелері

1. тыңдаушылар жаңа мамандықтар атласына сәйкес кәсіптік бағдар беру мазмұны жөніндегі білімдерін кеңейтеді;
2. болашақ мамандықтарға қажетті ХХІ ғасыр дағдылары туралы түсінігі қалыптасады;
3. тұлғаның қабілеті мен кәсіптік бейімділігін анықтау әдістерін тәжірибеде қолдана алады;
4. білім алушының мамандық таңдауға байланысты жеке даму жоспарын әзірлеп, оны жүзеге асыруда ата-аналармен тиімді ынтымақтастық орнатуды меңгереді.

Топтар

Photo
Адильжанова Динара Адильгазыевна
Өскемен

Онлайн

01.04-02.04

Қазақша

7 000 ₸