Lesson Study – педагогтің зерттеу дағдыларын дамыту құралы

Lesson Study – педагогтің кәсіби дамуының тиімді құралы. Ол мұғалімдердің бірлескен әрекеті арқылы оқыту сапасын арттырып, зерттеу мәдениетін қалыптастырады. Вебинар педагогтердің тәжірибесіне жаңаша серпін беріп, білім беру үдерісін жетілдіруге мүмкіндік жасайды. Бағдарламаның мазмұны қатысушылардың:  

  • зерттеу сұрағын құрастыру
  • бақылау жүргізу
  • дерек жинау және талдау
  • қорытынды жасау
  • рефлексия жасау – сияқты зерттеу дағдыларын дамытуды көздейді.  

Іс-шара мақсаты

Қатысушыларға Lesson Study үдерісінің теориялық негіздерін меңгерту, оны тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету және зерттеу дағдыларын дамытуға бағыт беру.

Педагогтерді оқыту нәтижелері

1. Зерттеу сабағын жоспарлай алады;
2. Оқушы оқуын бақылау және талдау дағдысын меңгереді;
3. Өз тәжірибесін зерттеу арқылы кәсіби даму жолдарын анықтайды.

Топтар

Photo
Токтаганова Акбота Сагындыковна
Астана

Онлайн

16.03-16.03

Қазақша

6 000 ₸