STEAM-білім беру: инновациялар, интеграция және болашақ дағдылары

Форумның негізігі бағыттары

  • STEAM білім беру бойынша авторлық бағдарламалар
  • Инженерлік жобалау бойынша үздік тәжірибелер
  • Робототехника және цифрлық технологиялар тәжірибесі
  • PBL-Проблемаға бағдарланған оқыту тәжірибелері
  • PjBL-Жобаға бағдарланған оқыту тәжірибелері
  • STEAM білім берудегі 5Е моделі
  • Заманауи интеграциялық сабақтар.

 

Форумның құрылымы

Форум үш трек тен тұрады.

1 – трек

«STEAM — болашақтың дағдыларына бағдарланған модель»  Бірінші тректе STEAM білім беру бойынша халықаралық деңгейдегі эксперт спикерлер келесі бағыттар бойынша  өз тәжірибелерімен бөліседі:

  • STEAM білім беру бойынша авторлық бағдарламалар
  • Заманауи сабақтарда жобалық әдісті қолдану тәжірибелері;
  • STEAM білім беру бойынша халықаралық тәжірибе;
  • Робототехника және цифрлық технологиялар бойынша озық тәжірибелер. 

 

2-трек.

«STEAM жобалары: үздік идеялар және тиімді моделдер»

Бұл тректе қатысушылар өз білім беру ұйымдарындағы форумның бағыттарының біреуіне сай іске асырылып жатқан үздік  тәжірибе таныстырылымын

  • Жеке
  • Жұптық
  • Командалық форматта ұсына алады.

Сөйлеушілерге қойылатын талаптар:

1)слайдтар саны - 5тен артық емес,

2)қорғауға берілетін уақыт 7 минут,

3)сұраныс берген команда мүшелерінің барлығының  сөйлеуі міндетті емес).

Тәжірибе бағыттары:

  • бастауыш сыныптардағы STEAM;
  • қоғамдық гуманитарлық пәндердегі STEAM;
  • жаратылыстану - математикалық пәндердегі  STEAM;
  • Көркем эстетикалық бағыт пәндеріндегі STEAM.

 2-тректе тәжірибелерімен бөліскен қатысушыларға өз іс тәжірибелерімен бөліскендігін растайтын анықтама беріледі.

3-трек сырттай.

«Үздік STEAM тәжірибе»

  Бұл тректе әр қатысушы форумның көрсетілген бағытына сай өзінің үздік бір тәжірибесінің төмендегілердің біреуінің сипаттамасын ұсынады:

  • ҚМЖ (319- бұйрыққа сай рәсімделген);
  • STEAM кластан тыс шара жоспары;
  • STEAM сабақта қолданатын бір әдістеменің сипаттамасын (өткізілген шараның фотоматериалдарын қоса жіберуі керек)

Бұл тректің үздік жұмыстары электрондық жинаққа/ әдістемелік құралға жарияланады.  Трекке жұмыс ұсынған әр қатысушы өз тәжірибесін бөліскенін растайтын анықтама беріледі. Үздік жұмыс авторына алғыс хат табысталады.

Іс-шара мақсаты

Жалпы орта және кәсіптік білім беру саласының педагогтеріне STEAM тәсілін тиімді енгізу, оқытудағы интеграцияланған жобалар, зерттеушілік дағдыларды дамыту, инженерлік және ғылыми ойлауды қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасу алаңын құру.

Педагогтерді оқыту нәтижелері

• STEM білім берудің үздік тәжірибелерін ұсыну, тарату
• Мектептер мен колледждердің ұстаздарының кәсіби байланысын кеңейту.
• Тиімді педагогикалық тәжірибелерді қалыптастырып, тәжірибе алмасу алаңын құру.

Топтар

Photo
Капанова Гульмира Гайсиевна
Орал

Онлайн

27.03-27.03

Қазақша, Орысша

10 000 ₸