Әр бала — маңызды: инклюзивті білім берудің заманауи парадигмасы

1 трек.  «Инклюзия — саясат емес, мектеп мәдениеті»

Бұл трек инклюзивті білім беру саласында көпжылдық тәжірибесі бар сарапшы мамандардың, басқару жүйесіндегі әдіскерлер мен кабинет меңгерушілерінің педагогтармен кәсіби тәжірибе алмасуына арналған. Қатысушылар инклюзивті мәдениетті қалыптастыру, білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың тиімді модельдерін енгізу, сондай-ақ басқарушылық және әдістемелік сүйемелдеудің заманауи тәсілдері бойынша өзекті тәжірибелерін ұсынады. Трек аясында инклюзивті білім беруді ұйымдастырудағы табысты практикалар, жүйелі шешімдер, ресурстық қолдау механизмдері және тәжірибеде кездесетін қиындықтарды шешудің тиімді жолдары талқыланады. Аталған трек кәсіби диалог алаңы ретінде қатысушыларға озық тәжірибелерді зерделеуге, өзара ынтымақтастықты нығайтуға және инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

2 трек. «Инклюзия тәжірибеде: педагогтардың кәсіби диалогы»

 Бұл трек жалпы орта білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің тәжірибе алмасуына арналған. Қатысушылар өз білім беру ұйымдарында жүзеге асырылып жатқан инклюзивті білім беру бойынша үздік тәжірибелерді командалық форматтағы таныстырылым арқылы ұсынады. Трек барысында тиімді педагогикалық тәсілдер, оқыту мен тәрбиелеудің қолжетімді үлгілері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау тәжірибелері талқыланады. Кәсіби диалог алаңы ретінде бұл трек практикалық шешімдермен бөлісуге және өзара үйренуге мүмкіндік береді.

3 трек. «Әр баланың табыс алаңы – тиімді сабақ» байқауы

Бұл байқау қатысушылардың инклюзивті оқыту саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды меңгеру деңгейін және оларды практикада қолдану дағдыларын анықтауға бағытталған. Алғашқы кезеңде қатысушылар инклюзивті білім беруге қатысты құжаттар бойынша тест тапсырады. Келесі кезеңде қатысушылар әріптесімен (психолог, арнайы педагог немесе пән мұғалімі) тандемде жұмыс істей отырып, тиімді инклюзивті білім беру ортасын құрудың практикалық жолдарын ұсынады. Байқау теориялық білім мен практикалық шеберліктің үйлесімін көрсетуге мүмкіндік береді.

Іс-шара мақсаты

Білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру, басқарушылық тәжірибелермен алмасу және барлық деңгейдегі педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы әр бала үшін қолжетімді білім беру ортасын дамыту.

Педагогтерді оқыту нәтижелері

– Қатысушылар инклюзивті мәдениетті қалыптастыру және дамыту бойынша өзекті білім мен практикалық тәжірибе алады;
– Білім беру ұйымдарында қолжетімді білім беру ортасын дамытуға бағытталған нақты ұсынымдар әзірленеді;
– Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мен басқарудың тиімді тәжірибелері айқындалып, таратылады;
– Аймақаралық кәсіби байланыстар нығайып, тұрақты ынтымақтастық орнайды;
– Әрбір баланың сапалы және тең білім алуына жағдай жасауға бағытталған бастамалар қолдау табады.

Топтар

Photo
Мынбаева Жанна Жумашовна
Орал

Онлайн

31.03-31.03

Қазақша, Орысша

10 000 ₸