ЖИ дәуіріндегі функционалдық сауаттылық: жаңа педагогикалық шешімдер. PIRLS, PISA-ға дайындық
1-трек
Визионерлік сессия
«“Фунционалдық сауаттылық ЖИ дәуіріне жауап ретінде»
Сессия XXI ғасырдың негізгі білім беру нәтижесі ретіндегі функционалдық сауаттылықты стратегиялық тұрғыдан пайымдауға бағытталған. Қатысушылар жасанды интеллекттің оқу мазмұнына, ойлау дағдыларының қалыптасуына, шешім қабылдауға және оқушылардың практикаға бағытталған дағдыларына ықпалын қарастырады.
Формат аналитикалық баяндамаларды, ЖИ-дің тәуекелдері мен мүмкіндіктерін талқылауды, сондай-ақ ЖИ дәуіріндегі педагогтің рөліне қатысты ортақ кәсіби көзқарасты қалыптастыруды қамтиды.
2-трек
ЖИ-зертхана
«Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған жасанды интеллект құралдары»
Функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды жобалауға арналған ЖИ құралдарын меңгеруге бағытталған практикалық сессия.
Қатысушылар ЖИ-дің келесі мүмкіндіктерімен танысады:
– тапсырмалар құрастыру;
– оқу материалын визуализациялау;
– тапсырмаларды оқушылардың деңгейі мен қажеттіліктеріне бейімдеу;
– PISA форматына сәйкес тапсырмалар әзірлеу.
Сессия сыныпта қолдануға дайын нақты құралдар мен практикалық шешімдер алуға бағытталған.
3-трек
Идеялар хабы
«Педагогикалық практикалар мен шешімдер кеңістігі»
Сессия педагогикалық тәжірибелермен алмасуға және оларды жүйелеуге бағытталған.
Қатысушылар функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған, жасанды интеллектті пайдалана отырып әзірленген өз кейстерін, тапсырмаларын, әдістемелік шешімдері мен визуалды материалдарын ұсынады.
Ұсынылған барлық материалдар педагогикалық қауымдастықтың әрі қарай пайдалануы үшін бірыңғай цифрлық «Практикалар папкасына» жинақталады.
Іс-шара мақсаты
Халықаралық PIRLS және PISA зерттеулерінің мазмұнында көрініс тапқан критерийлерге сәйкес оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту құралдары туралы түсінікті өзектендіру, сондай-ақ білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған практикалық құралдарды меңгеру.
Педагогтерді оқыту нәтижелері
Топтар