Білім беру үдерісінде жасанды интеллект қолдану тенденциясы: интеграция және тәжірибе
Форум білім беру үдерісіне жасанды интеллектті интеграциялаудың заманауи тәсілдерін талқылауға және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамытуға бағытталған.
Бағдарламада: сарапшылар қатысатын пленарлық отырыс, ЖИ қолданудың этикалық мәселелері, интерактивті тренинг, НЗМ педагогтерінің шеберлік сыныптары және Visual & Creative AI, AI-Assistant бағыттары бойынша секциялық жұмыстар қарастырылған.
Қатысушылар әртүрлі пәндерді оқытуда және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыста ЖИ қолданудың практикалық мысалдарымен танысады.
Іс-шара мақсаты
• Білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын интеграциялаудың тиімді жолдарын айқындау, • Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін арттыру және ЖИ құралдарын пәнді оқытуда қолдану бойынша озық педагогикалық тәжірибелермен алмасу үшін бірыңғай кәсіби алаң қалыптастыру.
Педагогтерді оқыту нәтижелері