Цифрлық сабақ: цифрлық сервистер мен жасанды интеллектті мұғалім тәжірибесінде саналы пайдалану

«Цифрлық сабақ: мұғалім тәжірибесінде сервистер мен жасанды интеллектті саналы пайдалану» интенсиві педагогтердің оқу үдерісін ұйымдастырудағы цифрлық құралдардың рөлін кәсіби тұрғыда түсінуін қалыптастыруға бағытталған. Жұмыс барысында қатысушылар технологияларды сабаққа кіріктіру кезінде педагогикалық шешімдер қабылдаудың әдіснамалық негізі ретінде SAMR және TPACK модельдерін қарастырады.

Практикалық бөлімде цифрлық сервистер мен жасанды интеллекттің формативті бағалауда, оқушыларды оқу үдерісіне тартуда және оқу тапсырмаларын жобалаудағы мүмкіндіктерін көрсететін шеберлік сыныптар ұсынылады. Интенсив форматы теориялық талдауды, практикалық мысалдарды және кәсіби рефлексияны үйлестіруді көздейді.

Іс-шара мақсаты

SAMR және TPACK модельдері негізінде педагогтерде оқыту үдерісінде цифрлық сервистер мен жасанды интеллектті саналы қолданудың маңызын түсінуді қалыптастыру, оқушылардың оқу белсенділігі мен білім сапасын арттыруға бағытталған көзқарас қалыптастыру.

Педагогтерді оқыту нәтижелері

Интенсив қорытындысы бойынша педагогтер:
цифрлық құралдарды қолдану кезінде оқу қызметін алмастыру және трансформациялау деңгейлерінің айырмашылығын анықтай алады (SAMR моделі);
сабақ жобалау барысында пәндік мазмұн, педагогикалық әдістер мен технологиялардың үйлесімділігінің маңызын бағалайды (TPACK моделі);
формативті бағалауда және оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда цифрлық сервистерді (Plickers, Canva және т.б.) және жасанды интеллектті қолданудың практикалық мысалдарын талқылайды;
педагогикалық мақсаттылық пен білім беру мақсаттарын ескере отырып, цифрлық құралдарды таңдауды дәлелді түрде негіздей алады;
сабақты саналы цифрлық трансформациялау саласында әрі қарай кәсіби дамуға дайын болады.

Топтар