Бастауыш сыныпта функционалдық тапсырмаларды әзірлеу және жасанды интеллект мүмкіндіктері
Негізгі идеясы
Бағдарламаның негізгі идеясы – бастауыш сынып мұғалімдерінің функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды құра білу құзыреттілігін арттыру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу мақсатына сәйкес, педагогикалық тұрғыдан орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Қолданылатын әдістер мен тәсілдер
Оқу семинары барысында қатысушылардың белсенді кәсіби әрекетіне негізделген заманауи педагогикалық тәсілдер қолданылады, оның ішінде функционалдық сауаттылыққа бағытталған контекстік тапсырмалармен жұмыс және оқу тапсырмаларын жобалауда цифрлық және жасанды интеллект құралдарын пайдалану.
Жұмыс формалары
Семинар мазмұны интерактивті дәріс, тәжірибелік жұмыс, шағын топтарда бірлескен талдау, кейс-талдау және рефлексиялық талқылау формаларында ұйымдастырылады.
Іс-шара мақсаты
Бастауыш сынып мұғалімдерінің функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды құрастыру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін педагогикалық тәжірибеде қолдану бойынша кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Педагогтерді оқыту нәтижелері
Топтар