Мектеп командалары мен жобалық қызмет арқылы өзгерістерді басқару
«Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы» семинары орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға арналған. Семинар барысында мектепті білім алушы ұйым ретінде дамыту, тиімді мектеп командаларын құру, командалық жұмысты ұйымдастыру және өзгерістерді жобалық тәсіл арқылы басқару мәселелері қарастырылады.
Бағдарлама теория мен практиканы ұштастыра отырып, мектептің қазіргі жағдайын талдауға, даму бағыттарын айқындауға және нақты мектеп мәселелері негізінде жобалар әзірлеуге мүмкіндік береді. Семинар нәтижесінде қатысушылар мектепті жүйелі дамытуға, басқару мәдениетін жетілдіруге және білім сапасын тұрақты арттыруға бағытталған тиімді шешімдер әзірлей алады.
Іс-шара мақсаты
Орта білім беру ұйымдарының басшыларын, педагогтерін мектеп командалары мен жоба жұмысын ұйымдастыру арқылы мектептегі өзгерістерді басқару және білім сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық құзыреттерді дамыту мен бірлескен жұмысты жүйелеуге дағдыландыру.
Педагогтерді оқыту нәтижелері
Топтар