Мектеп - тиімді тәжірибе алмасу үшін ресурстық орталық ретінде
Вебинар теориялық және практикалық бөліктерден тұрады. Практикалық бөлімде қатысушылар тірек мектептің тәжірибе және тиімді практикалармен және бекітілген мектептермен алмасу үшін ресурстық орталық ретіндегі негізгі рөлдерімен, сондай-ақ бірлескен жоспарлау, сабаққа өзара қатысу (Peer observation), Сабақты зерттеу (Lesson Study), кәсіби іс-шаралар мен әдістемелік кездесулер және бірлескен жобалар мен іс-шаралар сияқты тиімді өзара әрекеттесу форматтарымен танысады. Практикалық бөлімде дайын кейсті қолдана отырып, әр сынып үшін өзекті мәселені анықтаудың маңыздылығы және оларды шешудің ықтимал жолдары талқыланады. Екінші бағыт бойынша-сабақтарға өзара қатысу, сабақтарды бақылау түрлері, бақылау парағының мақсаттары мен құрылымдары талқыланады. Әдістемелік бірлескен жоспарланған іс-шараларға және оларды бірлесіп жоспарлауға қатысты бағыт бойынша қатысушылар жұмыс бағыттарын белгілейді: ұйымдастырушылық, зерттеушілік, оқу-әдістемелік және ақпараттық.
Іс-шара мақсаты
Ресурстық орталық ретінде бекітілген мектептермен тірек мектептің тиімді өзара әрекеттесуді ұйымдастыруда қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Педагогтерді оқыту нәтижелері
Топтар