Сабақты зерттеу (Lesson Study) мектеп тәжірибесінде
Семинар барысында қатысушылар:
Lesson Study тәсілінің мәнін, қағидаттарын және халықаралық педагогикалық тәжірибедегі рөлін түсінеді;
Lesson Study мен дәстүрлі сабақты талдау арасындағы айырмашылықтарды ажырата алады;
зерттеу сабағының кезеңдерін (жоспарлау – өткізу – бақылау – талдау – қайта жоспарлау) меңгереді;
оқушының оқу үдерісін зерттеуге бағытталған бақылау мен дерек жинау әдістерін қолданады;
бірлескен кәсіби талқылау мәдениетін қалыптастырады;
Lesson Study нәтижелерін мектеп тәжірибесіне енгізу жолдарын жоспарлайды.
Іс-шара мақсаты
Lesson Study тәсілінің теориялық негіздері мен практикалық жүзеге асыру тетіктерін меңгертудегі педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, бірлескен зерттеу арқылы оқыту сапасын жүйелі түрде жақсартуға бағытталған мектепішілік тәжірибені қалыптастыру
Педагогтерді оқыту нәтижелері
Топтар