Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқытудың тиімді практикалық шешімдері

Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқытудың қазіргі заманғы тәсілдері мен қағидаттарын қарастырады;
инклюзивті білім беру жағдайында мұғалімнің рөлі мен жауапкершілігін нақтылайды;
сабақта оқу материалын бейімдеудің (дифференциация, визуализация, қолдау құралдары) практикалық жолдарын меңгереді;
оқушылардың танымдық, эмоционалдық және мінез-құлықтық ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді педагогикалық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытады; нақты педагогикалық жағдайлар (кейс) негізінде жұмыс істеп, тәжірибеде қолдануға болатын әдістер қоржынын толықтырады

Іс-шара мақсаты

Педагогтердің ерекше білім беру қажеттілігі бар (ЕББҚ) оқушыларды оқыту мен қолдауда қолдана алатын тиімді, қолжетімді және практикалық педагогикалық шешімдер жүйесін қалыптастыру, инклюзивті сыныпта оқытуды ұйымдастырудағы кәсіби құзыреттілігін арттыру

Педагогтерді оқыту нәтижелері

Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен жұмыс істеудің негізгі ұстанымдарын түсінеді және ажырата алады; инклюзивті сыныпта оқытуды ұйымдастыруда кемінде 5–7 практикалық әдіс пен құралды қолдана алады;
оқу тапсырмаларын оқушының мүмкіндігі мен қажеттілігіне қарай бейімдеп құрастыра алады;
қолдаушы, қауіпсіз және ынталандырушы оқу ортасын қалыптастыру жолдарын меңгереді;
өз педагогикалық тәжірибесін қайта қарап, инклюзивті тәсілді саналы түрде енгізуге дайын болады.

Топтар

Photo
Рысбекова Алия Айтбаевна
Алматы

Онлайн

05.02-05.02

Қазақша

4 000 ₸