Инклюзивті ортадағы көшбасшылық

Вебинар мақсаты – білім беру ұйымы басшыларының инклюзивті ортада тиімді көшбасшылық ету құзыреттерін дамыту. Бағдарлама инклюзивті принциптерді білім беру тәжірибесіне кіріктіру және мектепте инклюзивті мәдениетті қалыптастыру процесінде көшбасшы ролінің маңыздылығын түсінуге бағытталған. Бағдарламаның мазмұны инклюзивті көшбасшылықтың негізгі аспектілерін қамтиды. Қатысушылар инклюзивті тәсілдің негіздерімен танысады, инклюзивті білім беру аясындағы өзгерістерді тиімді басқару әдістерін меңгереді, сондай-ақ педагогикалық ұжыммен өзара іс-қимыл құруды үйренеді. Білім беру процесінің сапасын жақсартуға бағытталған практикалық шешімдерді әзірлеуге және енгізуге басты назар аударылады.

Іс-шара мақсаты

Басқарушының инклюзивтік мәдениетті қалыптастырудағы өзгерістер көшбасшысы ретіндегі ролін түсіну. Оқу процесіне қатысушылардың әртүрлілігін ескере отырып, командалық өзара әрекеттестікті ұйымдастыру дағдыларын дамыту. Мектеп командасының мүшелерін қолдау, ынталандыру және кәсіби дамуын қамтамасыз етудің әдістемелік тәсілдерін меңгеру.

Педагогтерді оқыту нәтижелері

• Қатысушылар инклюзивті ортадағы командалық басқару принциптерін түсінеді.
• Инклюзивті команданы құру және дамыту құралдарын меңгереді.
• Қолдау мәдениеті мен тең мүмкіндіктерді нығайтуға арналған жеке әрекет жоспарын әзірлейді.

Топтар

Photo
Мукутов Талгат Кенжебекович
Астана

Онлайн

12.01-14.01

Орысша

17 000 ₸