«Бірге үйренеміз, бірге дамимыз»

Автономды білім беру ұйымы «Назарбаев Интеллектуалды мектептері» педагогикалық шеберлік орталығы (ЦПМ) және Бішкек қаласындағы «Maarif» халықаралық білім беру мекемесі бірлесіп «Learning together, Growing together» халықаралық конференциясын өткізеді. Конференцияда қазақстандық және халықаралық сарапшылардың баяндамалары, секциялық отырыстар, шеберлік сабақтар, панельдік дискуссия және постерлік көрме қарастырылған.

Іс-шара мақсаты

Педагогтер мен зерттеу қызметі саласындағы мамандар арасындағы тиімді халықаралық платформаны құру, сапалы оқытуды арттыруға бағытталған үздік білім беру тәжірибелерін ұсыну және тарату

Педагогтерді оқыту нәтижелері

Халықаралық конференция «Learning together, Growing together» сәтті өтті. Оған Қазақстан мен шетелден келген сарапшылар, педагогтар және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Қатысушылар тәжірибе алмасты, үздік білім беру тәжірибелерімен танысты, шеберлік сабақтарда, секциялық отырыстарда, панельдік дискуссия мен постерлік көрмеде белсенділік танытты, сондай-ақ мектептегі зерттеушілік сабаққа қатысып көрді. Конференция халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және педагогтардың кәсіби біліктілігін дамытуға үлес қосты.

Топтар

Photo
Закарьянова Ардак Болаткановна
Астана
г. Бишкек (Кыргызстан), Международный университет «Ала-Тоо», ул.Анкара 1/8

Офлайн

24.04-25.04

Қазақша, Орысша, Ағылшынша

30 000 ₸