ChemLab Teach

Бағдарлама оқушылардың зерттеушілік және практикалық қабілеттерін, сыни және шығармашылық ойлауын, ғылыми дүниетанымын және функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған.

Зертханалық және жоба жұмыстары химияны оқытудың маңызды бөлігі болып табылады. Олар оқушыларға сұрақ қоюға, бақылау жасауға, үлгілеуге, тәжірибе жүргізуге және ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Барлық практикалық жұмыстар ғылыми әдіс негізінде ұйымдастырылып, оқушылардың ғылыми ойлау, математикалық және жаратылыстану сауаттылықтарын дамытуға ықпал етеді.

Мұғалімдердің зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесін жетілдіру – химия пәні бойынша білім сапасын арттырудың маңызды тетігі болып табылады.

Іс-шара мақсаты

Химия пәні мұғалімдерінің зертханалық/практикалық жұмыстарды тиімді жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу және бағалау әдістемесін жетілдіру.

Педагогтерді оқыту нәтижелері

Семинар соңында қатысушылар:
● Зертханалық жұмыстардың түрлерін, құрылымын және ерекшеліктерін ажырата алады;
● Зертханалық жұмыстарды сабақта тиімді жоспарлау, ұйымдастыру және бағалау тәсілдерін меңгереді;
● Зертханалық құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын есте түсіреді;
● Алған білім мен тәжірибені өзінің педагогикалық тәжірибесіне бейімдеп, оқу үдерісіне енгізудің жолдарын жоспарлайды.

Топтар

Photo
Калиханова Шугыла Ергалиевна
Астана
Хусейн бен Талал 21/1

Офлайн

13.11-14.11

Қазақша

18 000 ₸