BioLab Teach
Семинар барысында қатысушылар биологияны оқытудың заманауи тәсілдерімен, ғылыми әдіске негізделген зертханалық жұмыстарын жүргізу ерекшеліктерімен танысады. Сондай-ақ оқушылардың сыни және шығармашылық ойлауын, бақылау мен талдау дағдыларын, зерттеушілік және коммуникативтік қабілеттерін дамыту жолдары қарастырылады.
Зертханалық жұмыстар биологиялық білімді тереңдетудің, табиғат құбылыстарын түсінудің және XXI ғасыр дағдыларын қалыптастырудың тиімді құралы ретінде қарастырылады. Мұғалімдердің зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесін жетілдіру – білім сапасын арттырудың маңызды тетігі болып табылады.
Іс-шара мақсаты
Биология пәні мұғалімдерінің зертханалық/практикалық жұмыстарды тиімді жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу және бағалау әдістемесін жетілдіру.
Педагогтерді оқыту нәтижелері
Топтар
Офлайн
Қазақша
18 000 ₸