Мектептерде онлайн оқыту: онлайн сабақтарды ұйымдастыру және өткізу

Бұл семинар педагогтерге онлайн сабақтарды тиімді жоспарлау, өткізу және бағалау дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Қатысушылар онлайн оқытудың теориялық негіздерімен танысып, сабақтарды интерактивті және саралап ұйымдастыру әдістерін меңгереді. Сонымен қатар, семинар барысында педагогтар онлайн платформалар мен құралдарды тиімді қолдануды, оқушылардың белсенділігін арттыру тәсілдерін және конструктивті кері байланыс беруді үйренеді. Практикалық жаттығулар мен тәжірибе алмасу арқылы білім беру процесінде жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік алады.

Іс-шара мақсаты

Педагогтердің онлайн сабақтарды тиімді ұйымдастыру, өткізу және бағалау дағдыларын арттыру арқылы олардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Педагогтерді оқыту нәтижелері

Қатысушылар:
- Педагогтер онлайн сабақтарды жоспарлау және ұйымдастыру бойынша нақты дағдыларға ие болады;
- Онлайн платформалар мен құралдарды тиімді қолдану қабілеті артады;
- Оқушылардың белсенділігін арттыру әдістерін қолдана алады;
- Бағалау және конструктивті кері байланыс беруді жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады;
- Педагогтердің кәсіби тәжірибесі мен шығармашылық әлеуеті дамиды.

Топтар