Табысты сабақ: мақсаттар, мүмкіндіктер мен тапсырмалар триангуляциясы

«Табысты сабақ: мақсаттар, мүмкіндіктер және тапсырмалар триангуляциясы» семинар бағдарламасы еліміздегі білім беру саласы бойынша жүргізіліп жатқан конструктивті білім беру идеясы негізіндегі жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жасалған. Біліктілікті арттыру жүйесінің тыңдармандарына, мектеп басшылары мен мектеп басшыларының орынбасарларына, мектеп мұғалімдеріне жалпы педагогикалық сала қызметкерлеріне арналған бағдарлама қазіргі таңдағы қолданыстағы нормативтік құжаттар (білім беру стандарты, пәнді оқыту бағдарламалары, оқу жоспарлары, бұйрықтар мен нұсқаулықтар) мен мұғалім тәжірибесін сабақтастыра отырып, кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мақсат, күтілетін нәтиже, тапсырмалар арасындағы бірлікті анықтай отырып оқу мен мен бағалаудың сабақтастығын түсініп, тапсырмалар құрастырады.

Іс-шара мақсаты

Жаңартылған білім беру мазмұнына сай сабақты жоспарлау бойынша білім мен дағдыларды жақсарту.

Педагогтерді оқыту нәтижелері

-Оқу мен оқытудағы мемлекеттік талаптар мен нормативтік құжаттарды біледі
-Оқу мақсаттары мен оқу мақсаттары жүйесінің ойлау дағдыларымен байланысын түсінеді.
-Оқу мақсаттарынан күтілетін нәтижелерді ойластыра біледі.
-Оқу мақсаттарын талдай алады.
-Мақсат, нәтиже, тапсырма арасындағы сабақтастықты түсініп бағалау тапсырмаларын құрастырады.

Топтар