Мұғалімнің тәжірибесіндегі сабақты зерттеу (Lesson Study)

Жалпы білім беру мектептері мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға арналған «Мұғалімнің тәжірибесіндегі сабақты зерттеу (Lesson Study)» семинарының бағдарламасы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы аясында әзірленді. Бағдарлама мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.

Іс-шара мақсаты

Мұғалімдерге оқыту сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып табылатын, Сабақты зерттеу үдерісінің қадамдарын үйрету, тәжірибеге енгізуге бейімдеу

Педагогтерді оқыту нәтижелері

Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілін қолдану нәтижесінде мұғалімдер оқушылардың оқу үдерісін терең әрі жан-жақты талдауға, жоспарланған оқыту мен нақты оқу барысы арасындағы айырмашылықты анықтауға мүмкіндік алады. Бұл тәсіл оқушылардың қажеттіліктерін ескеріп, оқытуды тиімді жоспарлауға жағдай жасайды, сондай-ақ мұғалімдердің кәсіби қауымдастық аясында бірлесіп жұмыс істеуін нығайтады. Нәтижесінде мұғалімдер Lesson Study мүмкіндіктерін өз педагогикалық тәжірибесінде жүйелі түрде пайдалана алады.

Топтар

Photo
Казыгулова Гаухар Ясыновна
Талдықорған
Талдықорған қаласы ПШО филиалы

Офлайн

10.02-10.02

Қазақша

13 000 ₸
Photo
Казыгулова Гаухар Ясыновна
Талдықорған
Хамраев атындағы орта мектеп

Офлайн

20.02-20.02

Қазақша

13 000 ₸