Эссе жазуға үйрету

Бағдарлама пән мұғалімдеріне жазылым дағдысын дамыту, эссе жазудың түрлері мен құрылымын меңгертуге бағытталған. Вебинар барысында қатысушылар жазылымның қызметтерімен танысып, эссе жазу үдерісіндегі негізгі әрекеттерді талдайды. Эссенің әртүрлі түрлерінің (сипаттамалық, дәлелдемелік, аргументтік, салыстырмалы және т.б.) ерекшеліктері қарастырылып, құрылымын жоспарлау және тәжірибеде қолдану жүзеге асырылады. Практикалық тапсырмалар арқылы қатысушылар эссе жазудың тиімді әдістерін меңгеріп, өз ойларын жүйелі әрі дәлелді жеткізу дағдыларын қалыптастырады.

Іс-шара мақсаты

-Жазылым дағдысының қызметін, ерекшеліктерін анықтау; - Жазылым кезіндегі әрекеттерді салыстыру; - Эссе құрылымын анықтау үшін тәжірибелік жұмыс жасау.

Педагогтерді оқыту нәтижелері

-Жазылымның қызметін анықтайды;
- Қатысушылар жазылым дағдысын қалыптастыру маңыздылығын талқылайды;
-Жазылым кезіндегі әрекеттерді салыстырады;
-Жазба тілінің ерекшелігін зерделейді;
-Эссе құрылымын анықтау үшін тәжірибелік жұмыс жасайды.

Топтар

Photo
Раймкулова Жанат Таңатарқызы
Қызылорда

Онлайн

20.02-20.02

Қазақша

4 000 ₸