Инклюзивті сыныпта жұмыс істеу ерекшеліктері: мәні, тәсілдер, стратегиялар

Бағдарлама педагогтарға инклюзивті сыныпта жұмыс істеуге арналған қолданбалы құралдарды үйретуге бағытталған. Біз теориядан алшақтап, сабақтың жалпы динамикасын сақтай отырып, оқу процесін әр баланың қажеттілігіне қалай бейімдеу керектігін егжей-тегжейлі талдаймыз.

Семинарда келесі мәселелер қарастырылады:

  • Мінез-құлықты басқару стратегиялары (ABA): наразылық реакцияларының себебін қалай анықтауға болады және қақтығыссыз тәртіп орнату жолдары.
  • Өнімділікке арналған нейропсихологиялық «кілттер»: миды лезде «қайта жүктеу» және оқушылардың зейінін қайтару үшін Айрес сенсорлық диеталары мен Делакато қозғалыс үзілістерін енгізу.
  • Дислексия мен дискалькулияны түзету бойынша практикум: «Нумикон» визуалды математикасын және менталды бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеуге арналған Марианна Фростиг жаттығуларын меңгеру.
  • UDL (Universal Design for Learning) жүйесі бойынша сабақты жобалау: тапсырмаларды әртүрлі күрделілік деңгейлеріне бейімдей отырып, бір тақырыпты бүкіл сыныпқа түсіндіруге мүмкіндік беретін саралау әдістері.

Іс-шара мақсаты

Педагогтердің инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби құзыреттілігін дамыту, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды оқыту процесінде педагогикалық қолдауды жүзеге асыру қабілеті мен дағдыларын жетілдіру.

Педагогтерді оқыту нәтижелері

1.Инклюзивті білім берудің заманауи тұжырымдамалары негізінде оқытуды жүзеге асыруға кәсіби және психологиялық дайындығын көрсетеді;
2. Оқытудың әртүрлі педагогикалық әдістері мен тәсілдерін қолданады, оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асырады
3. Оқушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес оқу тапсырмаларын қолдана отырып сабақ жоспарлау дағдыларын жетілдіреді;

Топтар

Photo
Туякбаева Гаухар Арыстанбековна
Қызылорда

Онлайн

27.03-27.03

Қазақша

7 000 ₸