«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» облыстық форумы

«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» аймақтық форумы – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастыратын жыл сайынғы кәсіби алаң. Форум жас педагогтерді қолдап, олардың тәжірибе алмасуына, заманауи білім беру үрдістерімен танысуына және кәсіби өсу дағдыларын дамытуына мүмкіндік береді. Мұнда қатысушылар табысты ұстаз болудың тиімді жолдарын талқылап, жаңа идеялар мен озық тәжірибені меңгереді

Іс-шара мақсаты

Ауыл мектептері жас мұғалімдерін оқу мен оқытудағы озық тәжірибелермен, жаңа идеялармен таныстыру, үздіксіз оқу мен дамуға ұмтылысын ынталандыру және осы арқылы педагогикалық кәсіптің табысты бағдарларын ұсынып, олардың мамандық таңдаудағы сенімділігін нығайтуға арнап өткізіледі.

Педагогтерді оқыту нәтижелері

Аймақтық форум:
ауыл мектептеріндегі жас мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттырды:
жас педагогтер заманауи оқыту әдістері мен озық тәжірибелерді меңгерді;
үздіксіз білім алу мен өзін-өзі дамытуға деген ынтасы күшейді;
педагогикалық кәсіптің табысты бағыттары айқындалып, мамандыққа деген сенімділік нығайды;
әріптестік байланыстар орнап, жас мұғалімдердің кәсіби қауымдастығы кеңейді.

Топтар

Photo
Оспанов Багдат Садриевич
Талдықорған
НИШ г.Талыдкорган, ​Микрорайон Каратал, 47

Офлайн

21.11-21.11

Қазақша, Орысша, Ағылшынша

7 000 ₸