Метапәндік құзыреттер/әдістеме және технологиялар
Зерттеу қызметі

Оқыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтерінің аналитикалық құзыреттілігі

Бағдарлама әрбір қызметкердің және тұтас білім беру ұйымының кәсіби қызметінің тиімділігі мен сапасына ықпал ететін аналитикалық құзыреттілікке негізделген педагогтердің аналитикалық мәдениетін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Аналитикалық қызметтің нәтижелері педагогтердің алдындағы кәсіби міндеттерді шешуге көмектеседі, келешектегі іс-әрекеттерді дұрыс жоспарлауға, іс-тәжірибеде кездесетін көптеген мәселелердің жауабын табуға, тұтас білім беру процесінің және өз еңбегінің нәтижелерін объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Курстың мақсаты

Оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін мектеп педагогінің аналитикалық құзыреттілігін дамыту

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

пән бойынша оқу сапасының деңгейін анықтау үшін деректерді талдау әдістерін қолдана алады;

білім сапасын арттыру және оқыту тәжірибесін жетілдіру бойынша шешімдер қабылдау үшін ағымдағы мониторинг деректерін талдайды;

Microsoft Power BI Desktop арқылы білім беру деректерін визуализациялау және талдау ерекшеліктерін қарастырады.

Курстың мазмұны

Модуль 1. Білім сапасын жақсартуға бағытталған білім берудегі аналитика негіздері. Деректерді жинау және талдау әдістері

Модуль 2. Мектеп мұғалімінің аналитикалық қызметі

Топ тренерлері

Photo
Балапанова Жаныл Темировна
80 ак.сағат

Онлайн

23.09-04.10

Қазақша

22 000 ₸
Photo
Сапарова Анаргуль Карасаевна
80 ак.сағат

Онлайн

23.09-04.10

Қазақша

22 000 ₸