Менеджмент және көшбасшылық
Метапәндік құзыреттер/әдістеме және технологиялар

Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы

Курста білім сапасын жақсарту үшін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мектепті білім алушы ұйым ретінде дамыту мақсатында мектеп командаларын құрудың теориясы мен практикасы, өзгерістерді басқарудағы жобалық тәсіл, мектеп командаларын құру тәсілдері, командаларды дамытып, олардың өнімді жұмысын ұйымдастыру, педагогтердің басқару құзыреттілігін арттыру әдістері қарастырылады.

Курстың мақсаты

Көшбасшылар командасын мектеп командаларын құрып, жоба жұмысын ұйымдастыру арқылы мектептегі өзгерістерді басқаруға баулу

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

мектептің жағдайы мен даму принциптерін талдау негізінде мектепті білім алушы ұйым ретінде дамыту жолдарын анықтайды;

мектеп командасының жұмыс бағыты мен команда мүшелерінің атқаратын рөлдерін белгілеуді, команда құру кезеңдерінің негізінде мектеп командасын құру және дамыту жоспарын жасайды;

білім беру деректерін талдау негізінде оқуды жақсарту бағыттарына сәйкес мектеп командасының міндеттерін анықтайды;

мектепте білім беруді жақсарту бойынша мектеп командаларының жобасын әзірлеп іске асыруды үйренеді.

Курстың мазмұны

Модуль 1. Мектеп білім алушы ұйым ретінде

Модуль 2. Мектеп командасы және оның тиімді қызмет атқару негіздері

Модуль 3. Мектептегі өзгерістерді басқару. Жобалық қызмет

Модуль 4. Мектептегі практика: жобалық қызмет арқылы мектеп командаларын дамыту

Модуль 5. Мектеп командаларының табыстылығы мен нәтижелілігін бағалау. Мектеп әлеуетін дамыту бойынша рефлексия

Топтар

Photo
Катаев Ердан Советович
96 ак.сағат

Онлайн

31.03-11.04

Орысша

27 000 ₸