Пәндік құзыреттілік

Ағылшын тілі мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту

Бағдарлама ағылшын тілі мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Тілді практикалық тұрғыдан меңгеру пәндік құзыреттердің негізі болып табылады. Бұл ойды ауызша және жазбаша түрде жеткізе білуді, әдебиетті түпнұсқада толық түсініп оқуды, сөздер мен сөз тіркестерінің жеткілікті бай қорын, грамматика нормаларын меңгеру мүмкіндігін қамтиды. Сонымен қатар мұғалім жалпы тіл білімі, оқытылатын тілдің теориясы бойынша білімді меңгеруі керек. Бағдарлама мазмұнында ағылшын тілін оқытудағы қиындықтарды жеңуге көмек көрсету қарастырылған, мектеп бағдарламасының ең күрделі тақырыптарына баса назар аударылған.

Курстың мақсаты

Мектепте оқыту үдерісін жетілдіру мақсатында ағылшын тілін оқыту саласындағы пәндік құзыреттерді дамыту

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

Ағылшын тілі пәнінің мазмұнын тереңдете зерделейді және оқу бағдарламасының талаптары деңгейінде қолданады;

оқушыларға грамматикалық құрылымдарды қолдануды, грамматикалық және лексикалық тапсырмаларды орындау дағдыларын үйрету үшін қажетті білік-дағдыларын қалыптастырады;

оқу мақсаттарының мазмұнын, оқушылардың жас ерекшеліктерін, ортақ тақырыптарды ескере отырып, ресурстарды таңдау және тапсырмаларды құрастыру дағдыларын жетілдіреді.

Курстың мазмұны

Модуль 1. Ағылшын тілінің грамматикасы мен лексикасын зерделеу және оқыту

Модуль 2. Айтылым және тыңдалым дағдыларын зерделеу және оқыту принциптері

Модуль 3. Оқылым және жазылым дағдыларын дамыту принциптері