Менеджмент және көшбасшылық

Менеджмент және көшбасшылық: табысты басқару стратегиясы

Курс бағдарламасы білім беру ұйымдары басшыларының ұйым қызметін жүйелі тұрғыдан пайымдауға, негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға, адамдар мен үдерістерді тиімді басқаруға, қызметкерлердің кәсіби дамуына жағдай жасауға және менеджмент пен көшбасшылықтың заманауи тәсілдері негізінде ұйымдық өзгерістерді іске асыруға бағытталған басқарушылық құзыреттерін жетілдіруді көздейді.

Курстың мақсаты

Білім беру ұйымдары басшыларының заманауи басқарушылық және көшбасшылық құзыреттерін дамыту, сондай-ақ олардың деректерді талдау негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау, команданы басқару, ұйымды дамыту және өзгерістерді іске асыру қабілеттерін жетілдіру

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

Басқарушылық жағдайларды талдап, белгісіздік жағдайында негізді шешімдер қабылдай алады;

Өзгерістер кезінде көшбасшылық пен басқарудың заманауи модельдерін орынды қолданады;

Командадағы өзара іс-қимыл мәселелерін анықтап, ынталандыру мен коммуникация тәсілдерін таңдайды, ұйымдық ахуалды жақсарту жолдарын ұсынады;

Мониторинг деректерін талдап, негізгі проблемалар мен даму басымдықтарын айқындайды, фактілерге сүйеніп шешім қабылдайды;

Қызметкерлердің кәсіби даму қажеттіліктерін анықтап, бақылау мен дамытушы кері байланыс негізінде қолдау жоспарын әзірлейді;

Миссияны, пайымды, құндылықтар мен ұйымдық мәдениетті талдайды;

Өзгерістерді іске асыру жоспарын әзірлеп, міндеттерді, тәуекелдер мен нәтижелілік көрсеткіштерін айқындайды.

Курстың мазмұны

Модуль 1. Білім беру ұйымын нормативтік-құқықтық негізде басқару

Модуль 2. Өзгермелі ортада көшбасшылық таныту және басқарушылық ойлау

Модуль 3. Команданы басқару, тиімді коммуникация орнату және басқарушылық ықпал ету

Модуль 4. Деректерді талдау негізінде басқару

Модуль 5. Адами капиталды дамытудағы көшбасшылық

Модуль 6. Ұйымның өзіндік болмысы, мәдениеті және ішкі ахуалы

Модуль 7. Ұйымның дамуын жоспарлау және өзгерістерді басқару

Топтар

Photo
Опанова Жания Какимжановна
120 ак.сағат

Онлайн

28.09-16.10

Қазақша

30 000 ₸

Photo
Андирова Венера Темиржановна
120 ак.сағат

Онлайн

28.09-16.10

Қазақша

30 000 ₸