Пәндік құзыреттілік
Метапәндік құзыреттер/әдістеме және технологиялар

Эссе жазуға дағдыландыру: құралдары, тәсілдері, бағалау

Бағдарлама оқушылардың сыни ойлауын, коммуникативтік және аналитикалық дағдыларын дамыту құралы ретінде эссе жанры туралы педагогтердің біртұтас түсінігін қалыптастыруға, сондай-ақ жазбаша тілді меңгертудің заманауи әдістемелерін меңгеруге бағытталған.

Курстың мақсаты

Білім алушыларды әртүрлі эссе түрлерін жазуға дағдыландыру және олардың жазбаша жұмыстарын критерийлерге сәйкес, академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып бағалау бойынша Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

эссенің жанрлық ерекшеліктері мен дидактикалық мүмкіндіктері туралы білімін оқушылардың аналитикалық және сыни ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмалар әзірлеуде қолдана алады;

оқу мақсаттарына сәйкес эссе жазуға арналған тапсырмалар құрастырады;

жанрлық ерекшеліктері мен оқу мақсаттарын ескере отырып әртүрлі эссе түрлерін жазуға дағдыландырудың тиімді әдістемелік тәсілдерін қолданады;

эссе жазуды ұйымдастыруға және эссенің түпнұсқалығын тексеруге арналған цифрлық құралдарды тәжірибеге енгізеді.

Курстың мазмұны

Модуль 1. Эссе жанрының ерекшеліктері

Модуль 2. Эссе жазу шеберханасы

Модуль 3. Эссе жазу дағдыларын бағалау

Топтар

Photo
Камалова София Такеновна
80 ак.сағат

Онлайн

13.04-24.04

Қазақша

23 000 ₸