Метапәндік құзыреттер/әдістеме және технологиялар

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытуда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану

Курс бағдарламасы цифрлық технологиялар және жасанды интеллект саласы бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, сондай-ақ "Жаратылыстану" білім беру саласы пәндерін оқыту барысында цифрлық білім беру ортасында оқытуды тиімді жоспарлауға және іске асыруға даярлығын қалыптастыруға бағытталған.

Курстың мақсаты

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін  оқытуда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қолданудағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

халықаралық шеңберлер мен стандарттар негізінде цифрлық және ЖИ- сауаттылықтың негізгі ұғымдарын, цифрлық этика принциптерін түсіндіре алады және оларды кәсіби қызметте қолданады;

білім беру қажеттіліктерін диагностикалау үшін цифрлық құралдарды қолданады және солардың негізінде саралап оқыту элементтерін әзірлейді;

генеративті нейрондық желілерді қолданып цифрлық ресурстар мен материалдарды таңдайды және құрылымдайды, оларды сабақ мазмұнына кіріктіреді, әдістемелік тұрғыдан таңдауды негіздейді және олардың оқу мақсаттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Курстың мазмұны

Модуль 1. Педагогтің цифрлық және ЖИ-сауаттылығы

Модуль 2. Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерді оқытуда цифрлік технологиялар мен ЖИ қолдану