Метапәндік құзыреттер/әдістеме және технологиялар

Онлайн сабақ: жоспарлаудан табысты жүзеге асыруға дейін

Курс бағдарламасы білім берудегі цифрлық трансформация жағдайында оқушылармен тиімді өзара әрекеттестікті қамтамасыз ететін заманауи білім беру технологиялары қолданылатын онлайн сабақтарды жобалау, ұйымдастыру және өткізудегі Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған.

Курстың мақсаты

Білім берудегі цифрлық трансформация жағдайында оқушылармен тиімді өзара әрекеттестікті қамтамасыз ететін заманауи білім беру технологиялары қолданылатын онлайн сабақтарды жобалау, ұйымдастыру және өткізу бойынша педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

онлайн оқыту саласына қатысты теориялық білімді меңгереді, білім беру ортасындағы цифрлық этика және ақпараттық қауіпсіздік принциптерін қолданады;

заманауи қашықтан оқыту платформаларын, педагогикалық дизайн принциптерін және оқушыларды білім алу процесіне белсенді тарту стратегияларын қамтитын онлайн сабақтарды жобалау, мониторинг жүргізу және жүзеге асыру үшін қажет цифрлық құралдар мен білім беру ресурстарын қолданады.

Курстың мазмұны

Модуль 1. Цифрлық трансформация жағдайында білім беру

Модуль 2. Тиімді онлайн оқытуға арналған цифрлық технологиялар